Сайрам ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 120-дан астам жұмыс беруші қатысты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Алыстан ат арылтып келгендер жергілікті тұрғындарған  түрлі жұмыс тұрлерін ұсынып, мүмкіндіктермен таныстырды. Бас-аяғы  4 мыңға тарта жұмыс орынын ұсынды. Жұмыс берушілердің сөзінше, солтүстік облыстарында егін мен мал шаруашылығын түлететін мамандар тапшы. Білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау нысандарында да бос жұмыс орындары баршылық. Жұмысшы жетіспей жатқан бұл аймақтарда кәсіппен айналысуға да мүмкіндік көп.

Айта кетейік, аталған ауданданда  бүгінде 42 мың адам өз-өзін жұмыспен қамтыған болса, 700-дей тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазір қолы бос  тұрғындар арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік өңірілерінен келген жұмыс берушілер еңбек еткісі келетіндерді ондағы  ахуалымен таныстыру үшін арнайы сапар ұйымдастырамыз деп отыр. 

Соңғы жаңалықтар