Саяси реформа Үкімет пен Парламентке үлкен жауапкершілік артып отыр - депутат

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғимаратында "Қазақстан украиндарының радасы" заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің республикалық отырысы өтті.

​Күн тәртібіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын қарау және және "Қазақстан Республикасының Конституциясына «өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау енді.

​ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Қазақстан украиндарының радасы" республикалық Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Юрий Тимощенконың айтуынша, саяси жүйенің жаңғыртылуы, жаңа реформалардың енгізілуі - әлемдік тәжірибеде қолданылатын озық әдістеме.

"Бұл елдің алдағы жемісті әрі белсенді дамуына серпін береді. Қазақстанның қоғамдық қайраткерлерінің пікірі де осыған саяды. Президент белгілеген бағыттардың терең мағынасы мен нақты міндеттері бар. Осы тұрғыда Үкіметке, Парламентке салынған жауапкершілік өте биік. Әсіресе, Мемлекет Басшысының ерекшелеп өткеніндей, заң шығарушы органның беделін арттыру керек", - деді ол.

Айта кетейік, жиында "Қазақстан украиндарының радасы республикалық  заңды тұлғалар бірлестігінің, Үйлестіру Кеңесінің мүшесі - Тамара Ширмер, Астана қаласындағы "Оберег" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, "Қазақстан украиндарының радасы» республикалық  заңды тұлғалар бірлестігінің Үйлестіру Кеңесінің мүшесі Н. Рудой баяндама жасады.

​Іс-шараға "Қазақстан украиндарының радасы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, шақырылған қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар