Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -20 °С
Алматы: -10 °С
USD 327.89 EUR 400.91
RUB 5.81 CNY 50.92
Жаңалықтар

Саясат Нұрбек бейресми институттардың рухани жаңғырудағы рөлі жайында айтты

2017 жылғы 7 желтоқсан 13:01 1123
Поделиться:
Саясат Нұрбек бейресми институттардың рухани жаңғырудағы рөлі жайында айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Сарапшы Саясат Нұрбектің ойынша, ел экономикасын жаңғырту үшін бейресми институттарды, яғни әрбір саланың ішкі дәстүрін күшейткен жөн.

 Қоғам ішінде адалдық пен әділдік қағидаты бірінші орынға шықса, руxани жаңғыру ғана емес, экономикалық даму да іске асады, деп xабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

"Мәселен, кеңестер кезінде бейресми институттарды күшейту жұмысына қатты көңіл бөлді. Әлі есімде, пионер болғанда мен мектепке автобуспен барып жүрдім. Ата-анам барып келгенге бес тиыннан он тиын беретін. Автобуста кондуктор жоқ. Әрбір адам ақшаны өзі салады. Мен кішкентай болсам да, бес тиынды салуды абырой санаймын. Ақшаны саламын да, шет жақта кеудемді тік ұстап тұрамын. Билетім қолымда, өзіме риза болып тұратынмын. Жоғарыда "Ең үздік кондуктор ол - сенің ар-ұятың" деп жазылып тұратын. Міне, бейресми институтты күшейтудің бір мысалы осы", - деді Саясат Нұрбек бүгін Астанда өткен "дөңгелек үстелде".

Осы орайда сарапшы бұрынғы көзқарасты Алматыдағы "Оңай" жүйесін енгізу тәжірибесімен салыстырды. "Бір үлкен проблема болды. Ол - "қояндардың" көптігі. Жолаушылардың 40-60 пайызы жолақысын төлемеді. Қазір жол жүру абонементтерін де қолдан шебер жасай бастады. Түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ. Қоғам құндылықтарының қалайша өзгергенін содан-ақ байқауға болады. Ал барлығы бірдей жолақысын төлесе, қала бюджетіне ақша көптеп түседі. Былайша айтқанда, бейресми институттар тек сананы жаңғыртуға ғана емес, экономиканы дамытуға да өз септігін тигізе алады", - деп атап көрсетті Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, бейресми институттар ойын ережесі іспетті. Қоғам ішінде оны мойындайды және сол бойынша әрекет жасайды. "Мәселен, дәрігерлер арасында Гиппократ антына адалдық деген бейресми институт бар. Оған қатысты нақты заң жоқ. Гиппократ антына адал болуға міндеттейтін нормалар да жазылмаған. Бұл - таза этикалық ұстаным. Алайда дәрігерлер оны сақтауға тырысады. Сол сияқты құқық қорғаушылар арасында "офицердің абыройы" деген тағы бір бейресми институт бар. Өкінішке қарай, осы институттар, ішкі құндылықтар әлсіреп барады. Ал соның барлығын қалпына келтірсе, пара да, жемқорлық та, қылмыс та азайып, xалықтың денсаулығы жақсарады, әл-ауқаты көтеріледі. Жаңғыру деген осы емес пе?", - деп атап көрсетті Саясат Нұрбек.

 

 


Басты сөздер: Рухани жаңғыру, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат