Саябақта қызды көлігімен қағып өлтірген 19 жастағы студент сот алдына келді

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 19 жастағы Сюзанна Гамидованы көлігімен қағып өлтірген Сезім Самұрат сот алдына келді. Ол жылдамдықты асырып, көлігін шорт бұрған кезде саябақтағы жүрген екі адамды қағып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі орталық саябақта жол-көлік  апаты болып, оқиға орнында 19 жастағы Сюзанна Гамидова қаза тапты . Сол күні оның жанында болған Мақсұт Анапин бірнеше дене жарақатын алып, отадан соң туған жері Қостанай облысына кетті.

 Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қаралды. 
null

Іс материалдарына сүйенсек, Сезім Самұрат 7 шілде күні кешкілік апасын үйіне апарып тастау үшін Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойымен жүрген. Орталық саябақтағы жол сағатына 60 шақырым қашықтықпен жүруге арналғанымен, сот сараптамасынан жүргізуші Сезім Самұраттың сағатына 91 шақырыммен жүргені анықталды.

«Сол күні кешкілік апамды үйіне апарып тастағым келді. Мен екінші жолақта келе жатқан кезде жаныма ақ машинаның жақындағанын көріп, қорқып кеттім. Сол кезде оңға бұрылып, жүргіншілер жолына шығып кеткенмін. Есімді білмеймін. Мені бір адамдар машина ішінен шығарып алды. Адам өлгенін ауруханада ем қабылдап жатқан кезде білдім. Өз ісімді толық мойындаймын, өкінемін, кешірім сұраймын»,- деді сотталушы Сезім Самұрат. Оның айтуынша, жәбірленуші тараптан өзі кешірім сұрап бармаған. Қызының қателігін мойындап, ата-анасы кешірім сұрады. Ал жәбірленуші тарап кешірім беріп, моральдық, материалдық шығындарын өтеп алды. Қазіргі кезде іс қысқартылған тәртіппен өтіп жатыр.

«Мен жұмыста жүрдім. Бір күннен соң полиция хабар беріп, Сюзаннаның қаза болғанын айтты. Кейін мәйітханаға барып, біздің қызымыз екеніне көз жеткіздік. Біз Сезім Самұратқа кешірім береміз. Бос бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұраймыз»,- деді қаза болған Сюзанна Гамидованың апасы Виктория Крайникова.

Сот залында белгілі болғаны, сотталушы Сезім Самұрат Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, экономика және құқықтану институтының 2 курс студенті. Ол жүргізуші куәлігін 2016 жылдың шілдесінде алып, әкесінің көлігін айдаған. Кейін жүргізуші куәлігін жоғалтып алып, 2017 жылдың наурыз айында қайта қалпына келтірді.  

«Мен бас-ми жарақатын алып, бір ай бойы ауруханада ем қабылдадым. Ауруханада жатқан кезде жәбірленуші Мақсұт Анапиннің де ем қабылдап жатқанын білдім. Бірақ барып, кешірім сұрауға қорықтым. Ол кезде шашым түсті. Бір апта төсектен тұра алмадым. Қазір денсаулығым орташа. Сабаққа барып жүрмін»,- деді С.Самұрат.

Сот отырысы жалғасып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар