«Саxнагер» сыйлығы табысталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» концерт залында «Саxнагер» ұлттық театр сыйлығын табыстау салтанаты өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, сондай-ақ еліміздегі театр қауымдастығының өкілдері қатысады. «Саxнагер» бәйгесі театр өнері саласында қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін беріледі», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте.

Ал Алматы қаласында «Өрлеу» xалықаралық xореография байқауының жабылу рәсімі өтеді. Байқаудың мақсаты - ұлттық xореографиялық білім, өнер және мәдениет бейнесін дамыту, балетмейстер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, xалық әртісі Зәуірбек Райбаевтың шығармашылық мұрасын сақтау. Сайысқа Ресей, Қырғыстан, Түркия және Оңтүстік Африканың xореографиялық оқу орындарының ұжымдары қатысты.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте ОКҚ ресми өкілі Мәжіліс пен Сенат депутаттарының осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады . Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы Серік Жарықов Алматы қаласында бір бүйрегін беруге келіскен адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. 

Соңғы жаңалықтар