Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Сауытбек Абдрахманов: Алфавит ауыстыру - онжылдықтарға ғана емес, ғасырларға есептелген ірі іс, тарихи шешім

Сауытбек Абдрахманов: Алфавит ауыстыру - онжылдықтарға ғана емес, ғасырларға есептелген ірі іс, тарихи шешім
2017 жылғы 11 қыркүйек 11:04 895

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латынға көшу - болашақтың таңдауы. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бүгін халқымыз үшін, ұлтымыз үшін, тіліміз үшін, діліміз үшін, рухымыз үшін шын мәнінде тарихи мәні бар, тағдыршешті мәселені қарастырып отырмыз», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, депутат халықтың басым бөлігінің ортақ ойы қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру уақыттың талабына да, туған тілімізді тыңнан түлету талабына да сай келеді дегенге саятындығын айтты.

«Жаңа әліпбиді жасау кезінде халқымыздың, өзге елдердің сан ғасырлық жазба тарихы зерделенгені, оған латын жазуының классикалық үлгісі басшылыққа алынғаны жан-жақты түсіндірілуі, бұл таңдаудың  ең оңтайлы, ең дұрыс таңдау екенін дау туғызбастай дәлелдеу өте қажетті. Біздің алдымызда талай жылдарға созылатын, жүйелі, табанды түрде жүргізуді қажет ететін қиын жұмыс тұр. Бойымызда бар енжарлықтан, еріншектіктен арыла білсек, ертеңімізді ойлайтын ел екенімізді дәлелдегіміз келсе, елдігімізді еңселендіргіміз келсе бұл іске тәуекеліміз тұруға тиіс. Алфавит ауыстыру алдағы онжылдықтарға ғана емес, ғасырларға есептелген ірі іс, шын мәнінде тарихи шешім», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты.

Сондай-ақ С. Абдрахманов жаңа әліпби бірінші кезекте кім үшін маңызды деген сұраққа тоқталып өтті. 

«Бұл балалар үшін, аса маңызды. Жазуымызды жаңартып, санамызды сілкіндіріп, елдігімізді елегеміз келсе, бұл іске тәуекелге баруымыз керек», - деп атап өтті ол. 

Басты сөздер: Латын әліпбиі, Рухани жаңғыру, Тіл,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер