Сауль Альварес жер сілкінісінен зардап шеккен отандастарына қомақты ақша аудармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық кәсіпқой боксшы өз отанында орын алған жер сілкінісіндегі аптта зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп қана қоймай, қомақты қаржы аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат fightnews сайтына сілтеме жасап.

Онда Сауль Альварес «апатқа ұшырағандарға гуманитарлық көмек көрсету үшін Мексикаға келгені, ондағы апаттан зардап шеккендерге азық-түлік, құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек сатып алуға бір миллион АҚШ долларын аударатынын айтты», - деп жазылған.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте  Сауль Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин «Ғасыр жекпе-жегін» өткізіп, төрешілер шешімімен қос боксшы айқасты тең нәтижемен аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар