Сауда үйінде ер кісілер үшін күту бөлмесі пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда сауда орталықтарының бірінде дүкен аралауды ұнатпайтын, алайда, жұбайларына серік болуға мәжбүр ер кісілерге арналған бокс-кеңселер пайда болды.

БЕЛТА агенттігінің жазуынша, ойын-сауық бөлмелерін Шанхайдағы сауда орталығы ойлап тапқан. Шыны бокстарға үстел, орындық және 90-жылдарғы ойындар жүктелген компьютер қойылған. Бұл қызмет тестілік режімде сынақтан өткізіліп жатқандықтан, әзірге ол тегін. Дегенмен, келешекте оған белгілі бір ақы қойылуы мүмкін.

Бөлмелер ер адамдардың бірінің көңілінен шығып жатса, біреулер оның тарлығы мен желдеткіштердің болмауына қынжылыс білдіруде.

Атап өтілгендей, қытайлық әлеуметтік желілерде аталмыш бокстарға қатысты қалжыңды жазбалар шыға бастады.

Соңғы жаңалықтар