Сауд Арабиясының сақшылары Меккедегі лаңкестіктің алдын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері жұма күні мұсылмандардың басты қасиет тұтатын орыны - Қағбаға жасалмақ болған лаңкестік шабуылдың алдын алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, сақшылар Меккедегі басты мешіттің маңындағы Аджьяд ауданында лаңкестердің ұяшығы барын анықтаған. Оларды қолға түсіру операциясы кезінде лаңкестер қарулы қарсылық көрсетіп, біреуі өзін жарып жіберген. Жалпы, 11 адам жарақат алған, оның бесеуі - қауіпсіздік күшінің адамдары. 

Соңғы жаңалықтар