Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Сауд Арабиясының министрлігінде алғаш рет әйелдер жұмыс істемек

Сауд Арабиясының министрлігінде алғаш рет әйелдер жұмыс істемек
2017 жылғы 15 қараша 09:30 431

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының әділет министрлігі корольдіктің тарихында алғаш рет ведомствода әйелдерге арналған ресми қызметтерге конкурс жариялады, деп хабарлайды ТАСС.

Конкурс министрліктің жіктелімі бойынша сегізінші дәрежеге ие төрт кәсіби бағыт бойынша жарияланған. Әйелдер «әлеуметтік», «заңнамалық» және «заңгерлік» салалардағы «ғылыми қызметкер», сондай-ақ «әкімшілік көмекші» вакансиялары бойынша жұмысқа алынбақ. Үміткерлер кем дегенде салалық бағыт бойынша магистр дәрежесіне ие болулары керек.

Елдің Әділет министрінің таратқан хабарламасына қарағанда, іріктеуден өткен нәзік жандар орталық аппаратта, корольдіктің ірі қалаларында - Эр-Рияд, Мекке, Медина және Даммамдағы бөлімшелерде жұмысқа орналаса алады.  

 

Басты сөздер: Әлем,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер