Сауд Арабиясы Қазақстаннан қой етін көптеп сатып алуға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Қазақстаннан қой етін көптеп сатып алуға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эр-Риядта іссапармен жүрген ҚазАқпарат тілшісі Серік Сабековтің жазуынша, бұл жайында бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Сауд Арабиясы сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерімен кездескеннен кейін мәлім еткен,

«Егер етке, қой етіне қатысты айтар болсақ, онда сұраныс көлемі өте жоғары. Яғни, бүгін саудия тарабының ай сайын 5-6 мың бас мал қабылдауға дайын екендігі айтылды. Бұл өте үлкен көлем. Мүмкін біз оны қазіргі уақытта орындай да алмайтын шығармыз», - деді Нұржан Әлтаев.

Дегенмен, ол қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығын, әсіресе, мал шаруашылығын дамытуға бағытталған зор қадамдардың қабылданып жатқандығын атап өтті.

«Яғни, қазір олар үлкен көлем жайында айтуда және теңгенің долларға бағамы өзгергеннен кейін ол біздер үшін барынша тартымды бола түсуде. Мәселен, қазір Біріккен Араб Әмірліктері 1 қойды 250 доллардан сатып алып жатыр. Бағам өзгергенге дейін ұшақпен апаруды ескергендегі логистиканы қоса алғанда бұл мүлдем тартымды емес еді. Ал бағам өзгергеннен кейінгі 1 қойдың  250 доллар болуы теңгеге шаққанда шамамен 80 мың теңгені құрайды. Ал бұл байыппен қарауды қажет етеді. Тасымалдауға кететін шығындарды есептегеннің өзінде ол барынша тардымды болып қала береді», - деді Әлтаев.

Соңғы жаңалықтар