Сауд Арабиясы еңбекақы теңсіздігінен арыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы корольдігінің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман АҚШ-қа жасаған сапарында CBS арнасының 60 minutes бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат кезінде тақ мұрагері көптеген сұрақтарға жауап берді.

Мұхаммед бен Салман «Сауд Арабиясында әйелдер мен ерлер тең бе?» деген сұраққа «шүбәсіз» деген жауап қайтарды. «Барлығымыз - адамбыз, біздің арамызда ешқандай айырмашылық жоқ», - деді ол.

Сауд Арабиясының болашақ басшысы елдің өзгеше бастама жасап жатқанын айтып өтті.

«Біз ерлер мен әйелдер үшін тең еңбекақыға кепілдік беретін ереже жасауға бағытталған бастама әзірлеп жатырмыз», - деп мәлім етті ол CBS арнасына берген сұхбатында.

Тақ мұрагері Сауд Арабиясында әйелдердің тек 22%-ының жұмыс істейтінін және бұл көрсеткіштің өскенін қалайтынын мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар