Сәтпаевта педофилді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында бес жасар қызға зорлық көрсетті деп айыпталған 50 жастағы тұрғынды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеушінің атышулы істі тергеуді ұзарту жөніндегі шешімімен қатар, сот күдіктіні үшінші айға қамауда қалдыру мерзімін де ұзартты. Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі алдын ала тергеуге қарастырылған екі ай уақыт жеткіліксіз болды. Іс бойынша бірқатар сараптама аяқталмаған, соның ішінде балаға зорлық көрсеткен кездегі ақыл-есінің дұрыстығына психологиялық-психиатриалық сараптама жасау да бар.

«Сот Сәтпаев ІІБ тергеушісінің ұсынымхаты бойынша 50 жастағы күдіктіні қамауда ұстау мерзімін үшінші айға ұзартты», - деп хабарлады қалалық соттан.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні 40 жастағы Сәтпаев тұрғыны 5 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.  Сол күні полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның жатын бөлмесінен 5 жастағы бүлдіршін табылды.

 

Соңғы жаңалықтар