Сәтпаевта педафилді ұрған полицей сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Педофилді ұрған Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық ішкі істер органының  сержант шеніндегі  полицейінің кінәсі «азаптауға» ауыстырылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол өзін өзі ұстай алмай, бес жасар қызды зорлаған күдіктіні бірнеше рет ұрған. Сот-медициналық сараптамасы көрсеткендей, күдіктінің қолы, белі мен беті жарақаттанған. Алған жарақаттар бір аптадан үш аптаға дейін физикалық бұзуылуға әкеп соқтырған. Полицей алғашқыда ҚР ҚК 362-бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша айып тағылған. Тергеу қорытындысына сәйкес айыптау ҚР ҚК 146-бабына «Азаптау» қайта ауыстырылды. Сәтпаев қалалық сотының судьясы Жақсыбек Ысқақов конвойлық қызмет қызметкерін айыпты деп таныды, бірақ қоғамнан алшақтатуға байланысты жаза тағайындамады.

«Сот айыпталушыны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын өтегеннен кейін бір жарым жыл бойы мемлекеттік қызметте қандай да бір жұмыс істеуге тыйым салынды», - деді судья Жақсыбек Ысқақов. 

Соңғы жаңалықтар