Сәтпаев әкімдігінде орын алған жанжалға қатысты үшінші адам бес тәулікке тұтқындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -   Сәтпаев әкімдігінде жанжал шығарған  үшінші заң бұзушы бес тәулікке тұтқындалды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкерлерінің бірі түсік тастау қаупімен шұғыл ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Андрей Цуканов әкім орынбасары Айгүл Тілендинаның кабинетіне шақыртусыз, алдын ала жазылмай кіргені анықталды.   Бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу деп танылды. Артынан келген әкімдік қызметкерлерінің талабын құлағына ілмеген», - деп хабарлады соттан.

Ауруханаға жеткізілген жүкті әйел олардың атынан шағым жазды. «Үш ер адам да ӘҚтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, бес тәулікке әкімшілік тұтқынға алынды», - деп хабарлады Сәтпаев сотында.

Еске салсақ, 11 шілдеде Сәтпаев қалалық әкімдігінде әкімдік қызметкерлері мен келушілер арасында жанжал шыққан болатын.

null 

Соңғы жаңалықтар