Сәтбаев тұрғыны сауда орталығын «жарып жібермек» болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында белгісіз ер адам «101» нөміріне қоңырау шалып, «Престиж» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған. Шұғыл қабылданған шешіммен тәртіп сақшылары адамдарды сауда үйінен ғана емес, жақын маңда орналасқан тұрғын үйлерден де эвакуациялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда орталығынан - 40, көрші тұрған үйлерден 30 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу жасағының қызметкерлері ғимаратты, оның әрбір бутигін, қосалқы бөлмелерін қарап шықты. Күдікті ешбір зат табылмады. 34 жастағы жергілікті тұрғын шұғыл түрде анықталып, ұсталды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақтияр Құдияров.

Ер адам қылмысын мойындады. Одан қоңырау жасалған ұялы телефон алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар беру») бойынша жүргізілуде. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.

 

Соңғы жаңалықтар