Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -24 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Сәтбаев қаласындағы өрт екі адамның өмірін қиып кетті

2017 жылғы 15 қараша 15:29 858
Поделиться:
Сәтбаев қаласындағы өрт екі адамның өмірін қиып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында екі қабатты 8 пәтерлі ағаштан тұрғызылған үйде төрт пәтер жанып кетті, салдарынан әйел мен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өрттің шығуы туралы хабар түнгі сағат 2:35-те түсті. Екі минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Өртке №3 деңгей берілді, себебі ағаштан салынған бірден төрт пәтер жанған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Тілсіз жаумен Сәтбаев және Жезқазған қалаларының өрт сөндірушілері күрескен. Екі пәтерден 1945 жылғы ер адам мен 1949 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Тілсіз жау 04:08-де ауыздықталып, таңғы сағат бесте сөндірілді. Өрттің жалпы көлемі 80 шаршы метрді құраған. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат