Сәтбаев қаласында сәбиін тастап кеткен әйелді іздеуге дәрігерлер қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігі ана мен баланы қорғау жөніндегі бөлімнің қызметкерлері мен қалалық емхана дәрігерлері сәбидің денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйелді іздеуге жұмылдырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігі ана мен баланы қорғау жөніндегі бөлімнің басшысы Рымжан Хусаинова хабарлағандай, полицияға Сәтбаев қаласындағы медициналық мекемелерде есепте тұрған жүкті әйелдер туралы деректер берілді.

Полиция қаладағы мөлтекаудандарды аралап, сәби мен оның анасы туралы барлық тұрғындардан сұрастыруда.

null 

«Әйелді іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Батырхан Смаилов. 

Еске сала кетсек, 16 шілде күні коммуналдық қызмет жұмысшылары Сәтбаев қаласындағы қоқыс жәшігінен өлі сәбидің денесін тапқан болатын. Нәресте мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

null

Соңғы жаңалықтар