Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» кенішінде жолдың бір бөлігі опырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жезқазған маңында орналасқан Сәтбаев қаласында жолдың бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Төтенше жағдай орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіге тарады. Бұл жолдың «Қазақмыс» корпорациясының екі кенішін жалғап тұрғаны анықталды. Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ТЖ қатысты пікір білдірді.

 «15 ақпан күні Кресто-Центр карьері аумағында жоспарлы тау жұмыстарын жүргізу барысында қара жол бөлігі 5-10 метр тереңдікке дейін опырылды. Жолдың бұл бөлігі 1996 жылдан бері қолданылмайды», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Бұл аумақта Шығыс-Жезқазған кенішінің өндірістік алаңы бар және мұның тұрғын кенттерге жақын аумақтарға қатысы жоқ. Құлаған жол бөлігі мен ең жақын ауыл арасы бір шақырымнан асады".

Жолдың опырылуынан мерт болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Корпорация қызметкерлері ойылған жерді қоршауға алды және қалпына келтіру жұмыстарын бастауға ниетті. 

 

Соңғы жаңалықтар