Саша, анаңа қол бұлғашы?! - Паралимпиада чемпионы Александр Колядинді қалай қарсы алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында қазақстандықтар 2018 жылғы Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшыларды қарсы алды, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА.


«Бұл - аңыз адам. Тұңғыш Паралимпиада чемпионы! Біздің батырымыз! Александр жасасын! Қуанышымда шек жоқ, құттықтаймын!» - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы чемпионды қарсы алып тұрып.

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарында қостанайлық Александр Колядин 1,5 шақырымдық шаңғы спринтінде чемпион атанған еді. Бұған дейін 1994 жылы Лиллехамердегі  (Норвегия) Паралимпиадада шаңғышы  Любовь Воробьева күміс медаль алған еді.

Қостанай облысында тұратын 45 жастағы шаңғышы мемлекеттен сыйақы ретінде 250 000 АҚШ долларын алады.

Сондай-ақ, шаңғышының бапкерлеріне де сыйақы беріледі.

Соңғы жаңалықтар