«Сарыарқа» магистралі Астана қаласы мен Қарағанды облысын газбен қамтиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен жиналыс барысында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы» жобасын құрушылар негізгі техникалық шешімдерді ортаға салды.

Бүгінде аймақтағы бірқатар мәселелер шешімін тауып жатыр, себебі газ магистралінің жартысынан көбі Қарағанды облысы арқылы өтеді, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты. 

«Қазіргі таңда «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) құрылды, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаларды құру аяқталу кезеңінде», - деп мәлімдеді «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары Серікқали Брекешев. 

«ҚазТрансГаз» АҚ жобаның тапсырыс берушісі болып табылады. ТЭН құрушылар ретінде «КАТЭК» ЖШС консорциумы таңдалды. Негізгі техникалық шешімдерді жиналыс барысында жобалық ұйымның бас директоры Құндыз Нұпов таныстырды. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша, магистральдық газ құбырының Астанаға дейінгі ұзындығы 1063 шақырымды құрайды, оның 764-і Қарағанды облысына тиесілі. 

«Жер мәселелеріне, инфрақұрылымға қатысты негізгі жұмыс Қарағанды облысымен байланысты болады. Құрылыс екі қатармен жүргізіледі. Біріншісі Астанаға газ берумен аяқталады және ол жұмыстардың ішіне құбырларды төсеу және газбен қамту жүйесін салу кіреді. Ол 2018-2019 жылдары іске асырылады. Құрылыстың екінші қатары 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр. Бірінші кезектің құны 264,4 млрд теңгені құрайды. Газ құбырының бірегейлігі - оның 100 атмосфера қысымға шыдай алатындығында",- деп атап өтті баяндамашы.   

Құндыз Нұповтың айтуынша, автоматтандырылған газ тарату станциялары Қарағанды облысының үш қаласына бөлінген - Жезқазған, Қарағанды, Теміртауда. Сонымен қатар аудандарға арналған әлеуетті АГТС-ке қажетті 5 бұрмалар болады, оларды дайын болуына қарай іске қосып отырады. Ал газбен Қарағанды облысының 119 елді мекені қамтылады. Есептеулер бойынша, жыл сайынғы инвестициялар 10-15 млрд теңгеге дейін жетеді. Газ құбырын салуда пайдаланылатын құрылыс материалдарын шығаратын қарағандылық кәсіпорындар таңдалып жатыр. Жобаны жүзеге асыру қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді: 2 мыңға дейін адам құрылыс кезінде жұмыспен қамтылады, 1 мыңға жуық жұмыскер газ құбырының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қажет болады. 

Облыс әкімі Ерлан Қошанов қол астындағы қызметкерлерге жылдам түрде және барынша жауапкершілікпен жобалаушылармен бірлесіп, туындаған мәселелерді шешіп отыруды тапсырды. 
 
«Бұл жобаны біздің тұрғындар, кәсіпкерлеріміз тағатсыздана күтті. Газ - ол біздің аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жаңа құрал. Бұл жобаны жүзеге асыру тұрғындардың өмір сапасын жоғарылатуға жол береді», - деп атап көрсетті Ерлан Қошанов. 

Ол сонымен қатар жобаның жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді жіті бақылауға алатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар