Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа бапкер келді

«Сарыарқа» хоккей клубына жаңа бапкер келді
2017 жылғы 14 қараша 05:30 403

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сарыарқаның» бас бапкері Александр Соколов өзінің қызметінен кетті. Ол туралы мәлімет хоккей клубының ресми сайтында жарияланды. Маманмен жасалған келісімшарт екі жақтың өзара мәмілесімен үзілді.

Қарағандылық ұжымның бас бапкері лауазымына Соколовтың бапкерлік штабына кірген Дмитрий Крамаренко тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Соколов «Сарыарқаны» маусым аралығында басқарған болатын. Қазіргі таңда, ЖХЛ 22 матчтен кейін қарағандылық команда активінде 39 ұпай жинап, турнирлік кестенің 7-ші орнына орналасты.

 

 

Басты сөздер: Спорт, Тағайындау, Қарағанды облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер