Сарыағашта базар өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы «Дәулет» базары отқа оранды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Өрт Сарыағаш ауданындағы «Дәулет» базарынан шықты. Өртті сөзндіруге 18 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Азық-түлік пен киім сататын 5 пластик бутик өртенді. Өрт сағат 16-56-да ауыздықталып, сағат 20-58-де толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аймақ 144 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,-деді Руслан Иманқұлов. 

Соңғы жаңалықтар