Сарыағаш ауданында бір айлық сәби көмірқышқыл газына уланып көз жұмды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында пештің ақауы салдарынан бір айлық нәресте иіс тиіп қайтыс болды, тағы екі жасөспірім ауруханада жатыр.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиғаның екеуі де бір күнде орын алған. Сарыағаш ауданының Таскент ауылында тұратын келіншек таңғы сағат 7:30-дар шамасында бір айлық сәбиін үйіндегі пештің жанына қалдырып кеткен. Жарты сағаттан кейін оралғанда нәрестенің ес-түзсіз жатқанын көрген. Жедел жәрдем қызметін дереу шақыртқанымен, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады. Ол көмірмен жылытылатын үйде түтінге тұншығып, жан тәсілім еткен.

Ал, Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында газдан үй иесі мен екі қызы уланып қалған. 2 және 13 жасар қыздарын жуындырмақ болған ана ваннаға су толтырып, екеуін де ішке кіргізген. Алайда өзінің басы айналып мазасызданған соң, сыртқа шығып кеткен. Бірер минуттардан соң үйіне оралса, екі қызы да ес-түзсіз жатқанын көреді. Дәрігерлер иіске уланған үшеуді де Сайрам аудандық ауруханасына жатқызған. Қазір келіншектің жағдайы жақсарып, үйіне жіберілген. Қыздары әлі де ем қабылдауда. 

Соңғы жаңалықтар