Сарыағаш ауданында 26 емдік-сауықтыру орталығы жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында минералды және термалды суларды пайдалану арқылы сауықтыру туризмі дамып келеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шипалы суымен әлемге танылған Сарығаш курортына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Қазіргі таңда аталған ауданда 26 емдік-сауықтыру орталықтары қызмет көрсетсе, оларда өткен жылы 84 мыңнан астам адам ем алып, дерттеріне шипа тапқан.

Бүгінде сауықтыру туризмін дамыту мақсатында «Сарыағаш» курорт аумағында бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен бірге ат туризмі, велотуризм мен мәдени-тарихи туризмді дамыту алға қойылған мақсаттардың бірі.

Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, курорт аумағынан жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 9 710,0 млн теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылу жоспарлануда. Нәтижесінде 600 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобада шипажай, қонақ үй, автотұрақ, ашық және жабық бассейн, спа-орталық пен конференц-зал қарастырылған.

Ал өткен жылы туризм саласы бойынша жалпы құны 635 млн теңге болатын 3 жоба іске қосылып, 128 жұмыс орны ашылды.

Соңғы жаңалықтар