Сәрсенбіде Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 7 наурыз күні Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында ластаушы заттар атмосферада ыдырайды.

Ал Атырау, Ақсай, Орал қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар