Сәрсенбіде Қазақстанның 14 қаласында ауа сапасы төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қаңтардағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанның 14 қаласында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, қолайсыз метеожағдай Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады.

Атырау, Қызылорда, Ақсай, Орал, Талдықорған қалаларында жағдайдың нашарлауына атмосфераны ластаушы заттардың таралуы себепші болған.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазгидромет бірқатар қалада ауаның ластануына бақылау жүргізе бастаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар