Сәрсенбіде Қазақстанда жел күшейіп, бұрқасын соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 ақпанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, өңірдің оңтүстік-батысында желдың жылдамдығы 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал.
Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с-ге күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с-ге жетуі мүмкін.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп (15-25 м/с), жаяу бұрқасын соғады, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Соңғы жаңалықтар