Сәрсенбіде елімізде ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық ауа ағандардың өтуіне байланысты тек республиканың солтүстігінде, батысында құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдымдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар,  Ақмола облыстарында қатты жел соғады, кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында да желдің жылдамдығы 15-20м/с жетеді деп болжанып отыр.     

Жамбыл, Кызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте ыстық ауа райы күтіледі.

Алматы, Кызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар