Сәрсенбіде Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы жақсарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 14 наурыз күні Қазақстанның 13 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Ақтөбе, Атырау,  Көкшетау, Ақсу, Орал, Павлодар, Петропавл, Ақсай, Екібастұз, Теміртау қалаларындағы метеожағдай ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Ал, Астана, Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Талдықорған,  Тараз, Өскемен, Шымкент  қалаларында атмосферада ластаушы заттар сейіледі.

Аталмыш ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар