Сәрсенбі күні кей өңірлерді тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. 

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.  

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с артады.  

Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының жекелеген аумақтарында күндіз жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы ықтимал, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басады.

Ақтөбе облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. 

 

Соңғы жаңалықтар