Сәрсенбі күні кей өңірлерді тұман басып, бұрқасын соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпан күні ел өңірінің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ, бұрқасын  болады, желдің күшеюі сақталады.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде  бұрқасын болып, жел 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының жекелеген жерлерінде түнде тұман болжанады,  Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 28 м/с  артуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарын тұман басып, күндіз кей жерлерінде - 15-20, Жамбыл облысында 23 м/с екпінмен жел соғады.

Күндіз  Қызылорда облысының кей бөліктерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 18 м/с күшейеді.

Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде таңертең және күндіз бұрқасын болжанады, күндіз жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с  жетеді.  

Соңғы жаңалықтар