Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жауын-шашын күтіледі, екпінді жел болады, еліміздің солтүстігінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал, тек батыс өңірде күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл. Павлодар  облыстарының  кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 23-28м/с болады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде  найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с күшейеді.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өрттің шығу қауіптілігі жоғарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы төмендеп, 2 градусты құрауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар