Сәрсенбі күні Қазақстанның 9 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 21 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 9 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы, Астана, Балқаш, Теміртау, Қарағанды, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау,  Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Шымкент және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттар таралады.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Ақсай,  Орал және Өскемен, Талдықорған қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді. 

Соңғы жаңалықтар