Сарайшық музейінде қазіргі заманғы сапар орталығы салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Махамбет ауданы Сарайшық селосындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтың сапар орталығының құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаға сәйкес бұл орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдай жасалған толық кешен болады. Мұнда әкімшілік ғимарат, қонақүй, шаруашылық-тұрмыстық үйі секілді бірнеше ғимарат салу жоспарланып отыр. Екі қабатты әкімшілік ғимарат ішінде экспозициялық-көрме залдары, қор қоймасы, 100-150 орындық конференц-зал, зертханалық және қалпына келтіру үй-жайы, кітап қоймасы мен электронды мәліметтер базасы бар кітапхана орналасады. Кешен аумағында лекция өтетін алаңдар, ашық аспан астындағы музей мен этноауыл болады.

«Бұл визит орталықтың құрылысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілуде, - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев. - Визит орталық өзге елден келуші туристер және ішкі туризмнің дамуына септігін тигізіп, Сарайшық сокралды қалашығына адамдардың назарын аударады».
null  

Еліміздің мәдени мұрасын сақтау үшін 2016 жылы облыс бюджетінен жағалауды бекіту жұмыстарына 1,6 млрд теңге бөлінді. Қорғаныс бөгетінің құрылысы 2016 жылы басталып, 2018 жылы аяқталады. Бөгеттің биіктігі 3 метр, ұзындығы - 1500 метр».

Сарайшық - Алтын Орданың алғашқы сауда орталықтарының бірі болған, кейін Ноғай Ордасының астанасы атанды. Сарайшық тарихи қалашығы Атырау қаласынан 50 шақырым қашықтықта, Махамбет ауданы Сарайшық селосында орналасқан. 1999 жылы «Хан ордасы - Сарайшық» мемориалды кешені салынды. 1999 жылы мешіт пен осы жерде 7 хан жерленгені туралы естелік тақта орнатылған биіктігі 17 метр кесене тұрғызылды.
 
null 

Соңғы жаңалықтар