Саратов облысындағы жол апатында қаза тапқандардың бесеуі Қырғызстан азаматтары болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның бес азаматы Нижний Новгород - Саратов тас жолындағы жол-көлік апатында қаза тапты, деп хабарлады "Интерфакске" жексенбі күні Қырғызстан төтенше жағдайлар министрінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, жексенбі күні түнде сағат 04:30-да Саратов облысының Петровский ауданында Нижний Новгород-Саратов тас жолының 547-ші шақырымында Volvo жүк көлігі мен Toyota жеңіл көлігі соқтығысқан. 

«Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік апаты салдарынан Қырғызстанның бес азаматы қаза тапты. Қайтыс болғандар анықталуда», - деп қосты баспасөз қызметінде. 

Соңғы жаңалықтар