Сарапшылар: Әлем бойынша ұшақта жанжал шығарушылар саны артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әлем бойынша ұшақтағы жанжалдар 2015 жылы 17 пайызға өскенін хабарлады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.

IATA ақпаратына сәйкес, 2015 жылы әлем бойынша ұшақтардың бортында бұзақылардың қатысумен 10,8 мыңнан астам жанжал орын алған. 2014 жылы 9,3 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Оқиғаның басым бөлігі бір-бірін балағаттауға, борт жолсеріктерінің заңды талаптарына орындаудан бас тарту, басқа да жағдайлармен мінез көрсетуге байланысты орын алған. Оның 11 пайызы жолаушыға немесе стюардтарға күш қолдануға немесе ұшаққа шығын келтіргендерге қатысты болып отыр.

Бұл ретте тәртіп бұзу жағдайларының тек 23 пайызы ғана ішімдік немесе есірткі тұтынумен байланысты болып отыр. Осылайша, бұзақылардың басым бөлігін сау адамдар құрап отыр.

Қыркүйектің ортасында ресейлік «Победа» авиакомпаниясы мәскеулік Внуково әуежайында олардың қызметкерін соққыға жыққаннан кейін бұзақы жолаушылардың қара тізімін жасауды жоспарлап отырғандарын айтқан.

Тамызда британдық Jet2.com лоукостері мас бұзақылармен күресу мақсатында рейстерінде ішімдік сатуға шектеу енгізген. Бұдан басқа шілдеде Біріккен Корольдіктің бірқатар авиокомпаниялары мен әуежайлары ызақор жолаушыларға жазаны қатаңдататынын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар