Сарапшы теңгенің болашағы туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Альпари компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрова қазақстандық валютаның ағымдық жағдайына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Валюта нарығындағы жағдайға қатысты айтар болсам, сәуірдегі рубльдың құбылмалылығы мен теңгенің оңтайлылығын және сонымен байланысты жағдайларды қатерге алмасақ жалпы бейтарап деп сипаттауға болады. Қазақстандық валютаға әлемдегі мұнай бағасының жоғары болуы септігін тигізіп отыр. АҚШ доллары жыл басында 318-333 теңге диапазонында нығайып, ал 24 сәуірде америкалық валюта 325 теңгеден саудаланып жатыр. Әзірше, мұнай қымбат болып, рубль салыстырмалы түрде тыныш болатын болса, қазақстандық валютаға айтарлықтай құбылмалық қауіпі төнбейді», - дейді сарапшы.

Анна Бодрованың пайымынша, рубль/теңге жұбының құбылмалығын барынша жоғары. Мәселен, Ресейге қарсы АҚШ санкциялар салған кезде ресейлік валюта 5,18 теңгеге дейін құлдырады. Сәл кейінірек валюталық секцияда қалпына келу белгілері байқалды және 5,31-5,36 теңге дәлізінде тұрақтанды.

Айта кетерлігі, Альпари компаниясының бағалауынша, мамыр айының ортасындағы рубль/теңге жұбының орын алу мүмкіндігі жоғары сауда диапазоны 5,25-5,57 теңгені құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар