Сарапшы: Қырғызстанмен «Жол картасына» қол қойылуы - Қазақстанның үлкен дипломатиялық жетістігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Жол картасына» қол қойылуы - біздің еліміздің үлкен дипломатиялық жетістігі болып табылады. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сөзсіз, Қырғызстан тарапымен келісімге келуде шешуші рөлді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атқарды. Минсктегі кездесу аясында менің ойымша, Президенттер туындаған жағдайды Сооронбай Жээнбековтың жеке жауапкершілігі негізінде шешті. Осы тұста жаңадан сайланған Қырғызстан Президенті қазақстандық тарап айтып отырған мәселелерді шешуде өзінің жеке жауапкершілігін ерекше атап отыр. Мен бұны Қазақстанның үлкен дипломатиялық жетістігі деп есептеймін», - дейді Рахым Ошақбаев.

Сарапшы өз сөзінде екі елмен келісілген, алайда белгісіз себептермен қырғызстандық тарап қол қоюдан бас тартқан «жол картасының» Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан Премьер-Министрі болып тұрған кезінде әзірленгенін еске салды. Бұған қоса қазақстандық тарап айтарлықтай негізді ұстанымға бекіп, Қырғызстан арқылы Еуразиялық экономикалық одақ аумағына «сұр импортты» енгізбеу сұрағына ерекше мән берген болатын.

«Қазіргі таңда өз міндеттеріне кіріскен Қырғызстанның жаңа Президенті саяси шешімдерді қабылдай алады. Оның өз сөзін тағы да қайталап айтқанда, мәселе шешімін табады. Сонымен бірге, оның бұл ретте саяси жауапкершілігі бар», - дейді сарапшы.

Сарапшы өз пікірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған мәселеге пейілін салып, жігерін таныта білгенін атап өтті.

«Біздің Президентіміз жаңа сайланған Қырғызстан Президентіне пейілін танытып, аталған лауазымға сайлануымен, туған күнімен құттықтады. Менің түсінуімше, Минск қаласында олардың арасында айтарлықтай нәтижелі кездесу өткен. Бұған тек қуануға болады», - дейді Рахым Ошақбаев.

Сарапшының пайымдауынша, Қазақстан алдағы уақытта өз ұстанымына барынша берік болуы керек.

«Біздің экономикалық талаптарымыз барынша ұғынықты, легитимді әрі оның ЕАЭО аясында толық заңнамалық негізі бар. Сәйкесінше, біз осыны ұстануымыз керек. Білсеңіз, Қырғызстанның экономикалық бизнес-сызбасының негізгі моделі реэкспорт немесе «сұр импорт» екенін айтып отырған Қырғызстанның өзінде де сарапшылар көп. «Сұр импорт» мәселесін» Қырғызстан өздігімен шешуі керек. Аталған сұрақ бойынша олардың өз ішінде қызу пікірталас жүріп жатыр», - дейді ол.

Еске сала кетсек, 30 қарашада Беларусь мемлекетіне ресми іс сапары барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізген еді. Минсктегі Қырғызстан Президентімен кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы негізінде 2017 жылдың 2 желтоқсанында Қырғыз Республикасының үкіметтік делегациясы Астанаға келді. Екіжақты кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Толкунбек Абдыгулов екіжақты экономикалық серіктестік мәселелері мен шекарадағы жағдай бойынша Жол картасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар