Саран шахтасының жұмысшылары сотқа тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Саран шахтасында үш кеншінің өліміне қатысты «АрселорМитал Теміртау» АҚ көмір департаментінің үш лауазымды тұлғасына қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Саран қалалық соты кеңсесінің басшысы, баспасөз хатшысы Бибігүл Үсіпбекованың хабарлауынша, олардың үшеуіне де «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылған.

Сотталушыларға - «Феррит» монорельстік дизельдік тасығыш көлігінің машинистері Евгений Трофимович пен Сергей Мишин және рельс көлігі учаскесінің басшысы Дмитрий Арабаджиге Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 4-бөлігі («Ек немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша айып тағылды.

Қайғылы оқиға 2016 жылы 10 қарашада, шамамен сағат 14:20-да 7-горизонтта К9 бас конвейерлік еңістің бұрылысындағы 45-пикетте болды.  Жолаушылар кабинасының проушинасы сынған және ажыраған. Соның салдарынан 12 кенші мінген жолаушылар кабинасы төменге құлдилаған. 220 метр еңіске құлдилаған кабина жылдамдығы үдеген. Осы кезде жолаушылар кабинасы қабырғаға соғылып, салдарынан үш жұмысшы қазылған жерге құлап түскен.

ҚР ИДМ республикалық комиссиясының шешімімен Саран шахтасының директоры Сергей Мустивко және тағы 15 лауазымды тұлға төрт жұмысшының өліміне жауапты деп танылды. ҚР ИДМ Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаевтың басшылығымен комиссия мүшелері 16 адамды айыпты деп тапты. Барлығы қауіпсіздік техникасы бойынша емтихан тапсыруға жіберілді.

Іс бойынша үш адам сотқа тартылды, ал өзге жауапты тұлғалар тергеу барысына барынша көмек көрсетіп, әрекеттеріне өкініш білдіргендіктен жауапкершіліктен босатылды.
 

Еске сала кетсек , 10 қараша күні Саран шахтасында болған қайғылы оқиғада төрт кенші ажал құшты. Тағы бес кенші ауыр жарақат алды. Оқиғаға жұмысшылардың кінәсі болмағаны, жұмыс берушінің жүз пайыз айыпты екендігі анықталды. 

Соңғы жаңалықтар