Саран шахтасындағы төтенше оқиғаны сотқа дейінгі тергеу мерзімі ұзартылды

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі Саран шахтасындағы төтенше оқиғаны сотқа дейінгі тергеу мерзімінің ұзартылғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, 10 қарашада Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Саран» шахтасында апат болды, үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Мерт болғандар арасында 32 жастағы Мейрам Жанысбаев, 56 жастағы Эдуард Леснеков, 56 жастағы Мұрат Нұрмағамбетов бар. Кейінірек Қарағандыда Мақажанов атындағы клиникада «Саран» шахтасының жұмысшысы 52 жастағы Михаил Панин көз жұмды. 

Жұмысшыларды шахтадан тасымалдау кезінде «KVS2-R» адамдарды тасымалдауға арналған беткі кабинаның дизель тарату (локомотив) құрылғысы ажырап, салдарынан кабина шахтадан төмен қарай құлаған. Шамамен 220 метрден кейін дөңгелектер рельстен шығып, жұмысшылар тұрған кабина ұшып кеткен.

Бұл факті ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімі бойынша Саран  ІІБ бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар