«Саран» шахтасында қаза тапқандар саны төрт адамға жетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Мақажанов атындағы клиникада «Саран» шахтасының 52 жастағы жұмысшысы қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Саран» шахтасында» зардап шеккен бір жұмысшы 1964 ж.т. Михаил Патин көз жұмды. Ол ранимацияға ауыр халде түскен болатын. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға барын салды, бірақ жарақаттары тым ауыр еді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Бұрын хабарланғанындай, 10 қарашада Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Саран» шахтасында апат болды, үш адам қаза тауып,  бес адам зардап шекті. Сот алды тергеу басталды. Бұл факті ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімі бойынша Саран  ІІБ бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді. Қарағанды облысы ІІД тергеушілері ішінен сотқа дейінгі тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. 

Соңғы жаңалықтар