Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды - Қарағанды облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының басшысы Ерлан Қошанов Саран қаласы әкімі лауазымына осыған дейін Октябрь ауданының әкімі қызметін атқарып келген Ержан Темірхановты тағайындады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ержан Темірханұлы 1980 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Біріншісі, заңгер мамандығын Қарағанды заң институтында 2002 жылы алған. Ал 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қаржы» мамандығын алған.
Өзінің еңбек жолын ол 1997 жылы Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде бастаған. 2005-2008 жылдар аралығында «Терма-Ақсай» құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқарған. 2013-ші жылға дейін Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы, сонан соң Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-ші жылдан бастап Октябрь ауданының әкімі болған.
Саран қаласы әкімінің орнына Ержан Темірхановтың кандидатурасын жергілікті мәслихат депутаттары бір ауыздан құптады.
Оның алдында бұл қызметте болған Анатолий Шкарупа бүгін облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ТКШ, ТЖ және энергетика салаларына жетекшілік ететін болады.
Өз кезегінде Ержан Темірханов аймақ басшысына оған артып отырған сенімі үшін алғысын білдіріп, алға қойылған міндеттерді орындауға уәде берді.
- Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Павлодарлықтар сенбілікте 40 мыңнан астам көшет отырғызды
- Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
- Қарағанды облысында «Трасса» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр
-
Көкшетауда 300-ден астам әкім бас қосты
-
Қызылорда облысының ҰҚК департаментіне жаңа басшы тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам