Сапарын Моңғолиядан бастаған экспедиция Ұлытауға жолға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен қазақстандық және шетелдік бір топ ғалымдар мен зерттеушілер, тілшілер «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» ІІІ халықаралық экспедициясына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған экспедиция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр. Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған құрам Ұлан-Батыр қаласынан басталған сапарды Ұлытауда аяқтамақ.

Еске сала кетсек, Түркі академиясы 2017 жылдың 15 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін Моңғолия және Қазақстан аумағынан өтетін «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты кезекті ІІІ халықаралық экспедициясын ұйымдастырған болатын. Моңғолиядағы Кентай аймағынан бастау алған экспедиция 15-16 қыркүйек күндері Қазақстандағы тарих тұнған өңірлердің бірі - Ұлытаудағы Алаша хан мен Жошы хан кесенелерінің басында қорытындыланады.

Екі күндік экспедицияға шыққан топ құрамында Түркия, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұрстан, Татарстан мен Ресейдің бір топ ғалымдары, зерттеушілері мен тілшілері бар.

Экспедиция аясында Ұлытау өңірінің тарихи маңызы мен мемлекеттіліктің дәстүрлі сабақтастығы, сондай-ақ Түркі әлемі мен еуразиялық дала өркениетінің өзекті мәселелері талқыланып, TWESCO жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы ұсынылады.

null

Соңғы жаңалықтар