Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің шешімімен Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет еткен.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған, инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік еткен.

2016 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар