Сапарбаев жалпы режимдегі колонияда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алғаш рет КА-168/2 мекемесінде болды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері хабарлады.

«Аталмыш сапардың басты мақсаты - Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесін дамыту мақсатында мүмкіндіктермен танысу болды. Осыған байланысты облыс басшысы мекемедегі өнеркәсіп нысандары мен көпсалалы колледж бен кешкі орта мектептің жұмысымен танысты. Сонымен қатар әкім тегін кәсіби білім беру мен сотталғандарға жалпы білім беру үдерісін көрді», - деп хабарлады облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің бастығы Ернат Ақылжанов.

Облыс басшысын мекеме жұмысымен таныстыру барысында Ақылжанов жергілікті бизнес құрылымдарды тарта отырып, сотталғандар үшін жұмыс орындарын ашу, сонымен қатар оларды бостандыққа шыққан соң жұмыспен қамту сияқты мәселелерге назар аударды.

Соңғы жаңалықтар