Сапарбаев үздік мұғалімдерге сыйақы берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздарды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында 17 мыңнан астам ұстаз бар. Қазіргі кезде «Нұрлы жол» бағдарламасымен, жергілікті бюджет есебінен 24 мектеп салынып жатыр. Жаңа оқу жылында 10 мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектеп жыл соңына дейін іске қосылады. Есеп бойынша өңір бюджетінің 40 пайызы білім саласына жұмсалып жатыр. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім беру саласындағы қызметкерлерін құттықтады.

«Қасиетті, қадірлі мамандықтардың бірі - мұғалім. Кез келген адам, ақын, жазушы, әнші, күйші, ұшқыш бәрі мұғалімнің қолынан өтеді. Сол мұғалімнен қандай білім, тәрбие алса, ол келешекте де сондай азамат болады. Бәріміз ұстазымыздың алдында бас иеміз. Қызмет етіп жүргеніміз, өмір сүріп жатқанымыз сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Мемлекет басшысы білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Президент Ақтөбедегі жұмыс сапары кезінде материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа білім беру мекемелерін салу, мұғалімдер үшін жағдай жасап, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттердің қолжетімділігіне көңіл бөлді. Мұғалімге қамқорлық басты басымдықтардың бірі. Экономикалық дағдарыс кезінде де мұғалімдер жалақысының жыл сайын өсуі қамқорлықтың ерекше екенін көрсетеді. Еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кейін облыстың үздік ұстаздарын марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Ал 4 ұстаз «Ыбырай Алтынсарин» медалін және 10 ұстаз ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатын алды. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерін алды. «Білім берудегі көшбасшы»  облыстық байқауының жеңімпаздары да құрметке ие болды.

«Ұстаз болуды бастауыш сыныпта жүргенде армандаған едім. Мұғаліміме еліктедім. Бастауыш сынып оқушыларын білім нәрімен сусындату мен үшін үлкен мәртебе. Мұғалім болғаным үшін өкінгенім жоқ. Қайта мамандық таңдау бақыты бұйырса, қайта мұғалім болар едім. Балалар пәк, таза адал. Оқушыларымды жақсы көремін», - деді Мұғалжар ауданы Талдысай орта  мектебінің мұғалімі Райса Балымбетова. 

Соңғы жаңалықтар