Сапарбаев үнемі қолдап, көмектесіп жүрген аруларға алғысын білдірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбедегі белсенді қыз-келіншектер, ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан аналар мен бала өсіріп, зейнетке шыққан әжелер ерекше ілтипатқа бөленді.

 Облыс әкімі аудан, ауылдан 700 қыз-келіншекті шақырып, өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбеде хан сарайындай кең зал іші бүгін әйелдер үшін әсемделіп, көмкерілді. Ал арулар мен аналар облыс әкімінен шақырту алып, арнайы дайындалған. Бәрі ерекше сұру, жүздерінен жылылық есіп тұр. Бәрінің тілегі бір. Ел тыныштығы мен амандық. Олар болашақтың жарқын болатынына сенімді.

 Бұл күнге қаладағы белсенді өнер ұжымдары жіті дайындалған. «Кемал» театры «Анаға хат» театрландырылған көрінісін сахналады. Ал әнші Марат Әйтімов қыз-келіншектердің қошеметіне бөлініп, ән шырқады.

« Қазақ тарихында сабырлы, ақылына көркі сай, ер мінезді аналарымыз көп болған. Сіздер солардың ізін жалғастырып жүрсіздер. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қалыптасуына, дамуына, абыройының, беделінің артуына сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан әрбір мемлекеттік бағдарламаға сіздер қатысып жүрсіздер. Өндірісте, ауыл шаруашылығында, кәсіпкерлікте, құрылыста әйелдердің орны ерекше. Облыс басшылығы атынан қиындыққа шыдап, барлығын ақыл мен білімге салып шешіп жүрген нәзік жандыларды құттықтаймын. Біздерді қолдап, көмектесіп жүргендеріңізге мың да бір рахмет айтамын»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Өңір басшысының айтуынша, отбасына ұйытқы болып отырған аналардың арқасында елімізде ынтымақ, береке бар.

Салтанатты кеш кезінде көпбалала аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» берілді. Олар бала тәрбиелеп, ұлт болашағы жолында ұрпаққа тәлім беріп жүрген аналар. Бұл жолы өңір басшысы қаладағы көпбалалы аналарды ғана емес, аудан, ауылдағы нәзік жандыларды да құттықтады. Кеш ән мен биге ұласып, өнерпаздар шақырылған қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады. 

1  3  2 

Соңғы жаңалықтар