Сапарбаев Сұлукөлде өрттен қаза болғандардың отбасында болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылына барып, өрт кезінде қаза болған адамдардың отбасына барып, көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барған Бердібек Сапарбаев алдымен Қарабұтақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы айтылған жиын кезінде тұрғындар өз сұрақтарын қойды.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының хабарлауынша, өңір басшысы жұмыс сапары кезінде Сұлукөл ауылына барды. Дала өрті кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, арнайы комиссия құрылғанын, кінәлілер жазаланатынын жеткізді.

«Оқиғаны тергеу жұмыстары жүріп жатыр, арнайы комиссия құрылды. Кінәлілер заң бойынша жазаланады. Біз өз тарапымыздан жан-жақты көмек береміз және ешкімді ескерусіз қалдырмаймыз»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашевке алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауын, өрт кезіндегі қайғылы оқиғаны жіті бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске салсақ, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауданындағы дала өрті кезінде 4 адам қаза болды . Олар: ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов, мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов, мектеп күзетшісі Жомарт Смаилов пен шаруа қожалығының жұмысшысы Жаңабай Әбішев.  Ауыл өрті сапалақпен және арнайы құрылғымен сөндірілген. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Әрі іс процессуалды прокурордың бақылауына алынды. 

Соңғы жаңалықтар