Сапарбаев өңірге жаңа инвесторларды тартуды тапсырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірге жаңа инвесторлардың тартуды тапсырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шет ел инвесторларын тарту жөнінде жиын өткізді. Жыл басынан бері инвестиция тарту көрсеткіші 121,1% жеткен. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аймақтық өкілдігінің директоры Марат Балмұхановтың айтуынша, қазір инвесторлар үшін арнайы сайт әзірленіп жатыр. Ақпараттық порталда Ақтөбенің жобалары тізіліп, жергілікті жерде табысты жұмыс істеп тұрған инвесторлар туралы мәлімет жинақталады. Сонымен қатар, өндіріс алаңдары, инвесторлармен кездесу, өтініштер туралы деректер сақталады. Жаңа ақпараттық портал желтоқсанда іске қосылуы тиіс. Бұл - инвесторларды тартудың бір жолы.

«Өңірде жұмыс істеп келе жатқан инвесторлармен байланыс жақсы, олар жаңа инвестиция әкеліп жатыр. Бірақ біздің міндетіміз - жаңа инвестициялық компанияларды тарту», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, жиын кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев орынбасары Қайрат Бекеновке жұмысты жандыруды, үнемі бақылауда ұстауды тапсырды. Бірер айдан соң нақты ұсыныстар болу тиіс. Негізінен өңірдің инвестициялық әлеуеті жоғары. Ақтөбе индустриялық аймағында газ, жарық, су желісі тартылған, теміржолмен қамтамасыз етілген.
null

Мемлекет жерді тегін береді. Есесіне инвестор қаржы салып, жедел құрылыс жұмыстарын бастауы керек. Зауыттар салуға арналған арнайы құжат бір терезе тәртібімен іске асырылады. Қазір мұнда көлік доңғалақтарынан жасанды жабынды шығаратын зауыт, антифриз өндіретін шағын компания жұмыс істеп тұр. Қыш тақтайшаларын шығаратын зауыт құрылыс жұмыстарын бастады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, индустриялды аймақта 13 жоба іске асырылып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар